14:41, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Елбасы мен Украина Премьер-Министрі екіжақты қарым-қатынастардың кең көлемді мәселелерін талқылады
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Премьер-Министрі Николай Азаровты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың кең көлемді мәселелері, атап айтқанда, инвестиция және сауда-қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Ағымдағы жылдың 10 айында екі елдің арасындағы сауда айналымы 70 пайызға өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Украинаның Ресей Федерациясынан кейінгі ірі сауда серіктесі болып табылады.
Украина Премьер-Министрі Қазақстанның елордасы Астананың сәулетіне және даму қарқынына өз таңданысын білдірді.