Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея басшысымен өткізген келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады
p; Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына жасап отырған сапары аясында бүгін Cеулде осы елдің басшысы Ли Мен Бакпен жүргізілген келіссөздердің қорытындысын өте жоғары бағалады. Президент бұл пікірін бүгін Сеулде келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен бүгінгі келіссөздердің нәтижесін өте жоғары бағалаймын. Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарым қатынасын дамытуда сапалы серпін жасалды», деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда екі ел арасында жиырма үш іскерлік келісімдерге қол қойылды. Ол жобалардың жалпы құны 8 млрд. доллар. Олардың ішінде мұнай- газ және мұнай- химия өнеркәсібі, машина жасау, атом энергетикасы және уран өндіру салаларындағы өзара іс -қимыл туралы уағдаластықтардың маңызы зор. Оңтүстік Кореяның компаниялары Каспийдегі жағалау инфрақұрылымдарының құрылысына қатысатын болады.
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде мұнай өндіру жылына 130 млн тоннаға дейін ұлғаятын болады.