Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қатысуымен Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «KADEX - 2010» халықаралық көрмесі өтуде

;АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қатысуымен Қорғаныс министрлігі ұйымдастырып отырған «KADEX - 2010» қару-жарақ және әскери техникаларының халықаралық көрмесі өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрме әскери әуе күштерінің авиациялық базасында ұйымдастырылуда. Көрмені ұйымдастыруға ұйытқы болған негізгі ұйым «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы. Көрмеде әлемнің 20 елінен 200-ден астам компаниясы өздерінің қару-жарақ және әскери техника, ақпараттық технологиялар, байланыс, құрылыс және инфрақұрылым саласындағы жетістіктерімен тылдық және әскери медициналық мүліктерін көрермен назарына ұсынуда. Көрмедегі техникалардың басым бөлігін Қазақстан Қарулы Күштерінің қажетіне сай тауар өндіретін отандық кәсіпорындардың өкілдері құрап отыр. Мұнда қазақстандық техниканың басым бөлігін көрменің арнайы демеушісі «Қазақстан инженеринг» ұлттық компаниясының бірнеше еншілес кәсіпорны ұсынып отыр. Көрмеге Австрия, Беларус, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қытай, Корея, Ресей, Словакия, Түркия, Украина сияқты өзге де бірқатар мемлекеттердің кәсіпорындары қатысуда.

Көрменің басты мақсаты отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен болашағын Қазақстан Қарулы Күштері әскери құрылымдарының сұраныстарына сәйкес дамуын қамтамасыз ету болып отыр.

Мамырдың 26-29 аралығында өтетін «KADEX - 2010» әскери-техникалар көрмесінің аясында конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер сияқты өзге де бірқатар жиындар ұйымдастырылмақ. Оған Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері мен әскер саласы бойынша өнім өндіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары және шетелдіктер қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар