Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады

қпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуден кейінгі брифингте С. Лавров қазақстандық әріптесі Қанат Саудабаевпен бірге Президенттер деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша іс жүзіндегі қадамдарды әзірлеуге арналған екеуара келіссөздердің қорытындысы жайлы айтып бергендерін жеткізді. «Ол уағдаластықтар біздердің екіжақты қарым-қатынастарымызға, әртүрлі көптарапты құрылымдарға қатысуымызға да қатысты. Ресей биыл ТМД-ға, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауда» деген С. Лавров, бүгінгі келіссөздер барысында ағымдағы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға, Ресейдің ТМД-ға төрағалығының табыстылығын қамтамасыз ететін практикалық қадамдар келісілгенін атап өтті.

«Мен келіссөздердің қорытындысына өте ризамын. Әріптесім Қанат Саудабаевты Ресей Федерациясына жауапты сапармен келуге шақырдым», деді ол.

Ресей мен Қазақстан стратегиялық әріптес, әрі одақтас екенін айтқан С. Лавров,екі мемлекет көптеген халықаралық ұйымдар шеңберінде де табысты ынтымақтасып жатқанын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум