Елбасы ономастика қызметі саласындағы қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған ҚР Заңына қол қойды
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы ономастика қызметі саласындағы қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.