Елбасы Петр Порошенконы Украина Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті лауазымына сайлануына байланысты Петр Порошенкоға құттықтау жеделхатын жолдады.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Қазақстан Президенті сайлау нәтижелері өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамды біріктіруге бағытталған П. Порошенконың сайлауалды бағдарламасының кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен.

Нұрсұлтан Назарбаев П.Порошенконың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық және бақ-береке тілеген.

Соңғы жаңалықтар