15:50, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Елбасы ресейлік әріптесін лауазымына кірісуімен құттықтады
МӘСКЕУ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді лауазымына кірісуімен құттықтады.

ҚР Президенті ресейлік тарапты қонақжайлық пен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
«Сізді жуырда, сіздермен бірге бәріміз атап өткен Ұлы Жеңістің 67 жылдығының қарсаңында өткен сайлаудағы жеңісіңізбен және ұлықтау рәсімімен құттақтаймыз», - деді Н. Назарбаев ресейлік әріптесіне қарата айтқан сөзінде.
«Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша, біз сенімді жағдайда анағұрлым өзекті мәселер бойынша пікір алмасып, ұйымымыз аясында бірқатар шешімдерді қабылдаймыз деген сенімдемін», - деп атап өтті ҰҚШҰ-ға төрағалық етіп отырған Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл аталмыш Ұйымның төрағасы болды.