Елбасы РФ Президентін Қазақстанға ресми сапар жасауға шақырды

Бұл ұсыныс екі ел көшбасшыларының 15 мамыр күні Кремльде өткен екіжақты кездесуі барысында айтылды. Өз кезегінде РФ Президенті «бұл шақыруды қанағаттанарлықпен қабылдайтынын» атап өтті.
Келіссөздер барысында мемлекет басшылары екі елдің түрлі халықаралық интеграциялық бірлестіктер аясындағы екіжақты өзара әрекеттестік және ынтымақтастық бойынша өткізіп жатқан бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы негізгі Келісімшарттың рөлі ерекше атап өтілді.
«Бұл құжаттың кейбір баптары ескірді - Кедендік одақты құруға байланысты біз олардан оздық. Осыны жіберіп алмай, сәйкестендірілген өзгерістерді енгізіп, оны бірнеше жылға алға ұзартқанын қалаймын», - деп атап өтті Н.Назарбаев. Бұл идеяны ресейлік көшбасшы да қолдады.