Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Сеулде Қазақстанның Корея Республикасындағы жылын ашты

ЕУЛ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың к Корея Республикасына мемлекеттік сапары Қазақстанның Корея Республикасындағы жылының салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Шараға Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бак қатысты,

Елбасы Сеулде Қазақстанның Корея Республикасындағы жылын ашты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бүгін Корея Республикасындағы Қазақстан жылын салтанатты жағдайда ашып отырмыз. Бұл қазақ-корей қарым қатынасының тарихындағы айтулы оқиға. Бұл біздің елдердің ынтымақтастығы мен әріптестігіндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді», деді Н. Назарбаев бүгін Сеулде Қазақстанның Корея Республикасындағы жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кореяның терең тарихи байланыстары барын атап өтті. Ол ежелден басталады. «Тарихшылардың пікірінше, қазақ пен кәріс халықтарының тамыры ортақ, олар ежелгі Алтай өңірі мен Орталық Еуразия атты байырғы отаннан бастау алады. Әртүрлі дәуірлердің тарихы біздің халықтардың мәдениеттерінің түйісетінін басқа да көптеген айғақтарды сақтауда. Сталиндік қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында қазақ жері ондаған мың жер аударылған кәрістерді қабылдады. Олардың отбасылары қым- қуат сол уақытта қазақ халқының көрсеткен қолдауы мен көмегінің арқасында аман алды», деді Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстанның Корея Республикасындағы жылы Қазақстанның мәдениетімен, өнерімен, тарихымен және бүгінгі күнімен танысу көзқарасы тұрғысынан алғанда Корея Республикасының барлық азаматтары үшін қызықты және пайдалы болатынын атап өтті.

Қазақстан басшысы Қазақстанның Корея Республикасындағы жылы шараларын ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін елдің Президенті Ли Мен Бак мырзаға және бүкіл корейлік ұйымдарға және азаматтарға алғысын білдірді. «Бұл шараның өткізілуі Қазақстан мен Корея Республикасы халықтарының бір бірімен жақындасуы үшін тағы бір айтарлықтай қадам болатынына сенімдімін», деді Қазақстан Президенті.