08:35, 04 Маусым 2015 | GMT +5
Елбасы шетелдік инвесторлар Кеңесінің 28-ші отырысын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 4 маусым күні Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысы өтеді.

Оның негізгі тақырыбы - Қазақстандағы агробизнесті дамыту.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткізеді. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.