Елбасы шриланкалық іскер топты еліміздің ҮИИД бағдарламасына қатысуға шақырды

 АСТАНА. 20. қараша. ҚазАқпарат - Елбасы шриланкалық іскер топты еліміздің Үдемелі индустриялық - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына  қатысуға шақырды.
None
None

Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Махинда Раджапакспен кездескеннен кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Осы ретте Мемлекет басшысы таяу аралықта екі ел арасында базалық экономикалық келісімге, оның ішінде инвестицияны өзара қорғау және қосарланған салық  салуға жол бермеуге бағытталған құжатқа қол қойылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар Елбасының айтуына қарағанда, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылатын болады.

Соңғы жаңалықтар