Елбасы түрік кәсіпкерлерін Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасына белсене қатысуға шақырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасының айтуынша, индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаларға Қазақстан барлық жағдайды жасап отыр. Ол жобалардың барлығының орындалуын мемлекет жіті бақылайтын болады. Біріншіден, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы, - қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнеркәсіптер дамытылатын болады. Бұл ретте химия, мұнай химиясы, машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы жобаларға айырықша назар аударылады. Қазақстанның бай шикізаттық ресурстарын жоғары деңгейде өңдейтін кәсіпорындар қажет. Екіншіден, инфрақұрылымды, әсіресе энергетика, көлік, логистика, ақпараттық байланысты дамытуға көңіл бөлінеді. Бұлар Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады. Инфрақұрылымдарды дамытуда да көп жұмыстар істеліп жатыр. Үшіншіден, экономиканың жоғары технологиялық салалары құрылып, нығайтылатын болады. «Белгіленген бағыттар бойынша ірі және орта жобаларды жүзеге асыру түркиялық әріптестеріміз үшін тиімді болады деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.