Елбасы «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясын құруға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясын құруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.