21:42, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Елбасы: Украина астанасы көшелерінің бірінде Жамбылдың атын беру қазақ халқын құрметтеудің мәртебелі белгісі болып табылады
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Украина астанасы көшелерінің бірінде Жамбыл Жабаевтың атын беру қазақ халқын құрметтеудің мәртебелі белгісі болып табылады. Бұл туралы бүгін Ақордада Украина Президенті Виктор Януковичпен кеңейтілген құрамда кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Киев көшелерінің біріне біздің ойшыл, ақынымыз Жамбылдың атын беру, бұл біздің халқымызды құрметтеудің жақсы белгісі», - деді Елбасы.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Украина астанасы көшелерінің бірі Абайдың атымен аталатынын еске салып өтті.
«Өз кезегінде, Тарас Шевченко есіміне бізде қандай қамқорлықпен қарайтынымызды білесіздер. Атап айтқанда елорда көшелерінің біріне Т. Шевченконың аты берілген», - деді Президент,