Елбасы Жолдауы бізді рухтандырады - Е. Жұмәділов

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер мұғалім Ерәлі Жұмәділов ҚазАқпарат тілшісіне осындай пікірін білдірді.
None
None

«Елбасымыздың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауының еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығында салмағы арта түсетіні анық, - деді ол. - Оның сарабдал саясатының арқасында 20 жыл ішінде ішінде Қазақстан әлемдегі дамушы мемлекеттер қатарына қосылды. Сан саланы қамтыған Жолдаудың арқасында бағыт-бағдарымыз анықталып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілуде. Президент ұстанған саясаттың дұрыстығын халқымыз мемлекетіміздегі өркенді өзгерістер арқылы көріп отыр».

Қарт ұстаздың пікірінше, Президентіміздің биылғы Жолдауы әлеуметтік мәселелерге, денсаулық сақтау, білім беру, тілдерді дамыту, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына арналғандықтан, өзекті жайларға жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетумен ерекшеленеді. Соның ішінде білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыру, жалақыларын еселей түсу соңғы жылдары Елбасы Жолдауларында үнемі айтылып келеді. Бұл салада атқарылған шаралар жетерлік. Ел президентінің көреген саясатының арқасында білім қызметкерлерінің кешегіден бүгіні көшілгері. Еліміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын айқындайтын «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» өткен жылы қабылданғаны мәлім.

«Бұл - өмірлік мәні бар құжат. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, сондай-ақ инновациялық жүйе мен адами капиталдың басты факторына айналғанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр, - деді одан әрі Е.Жұмәділов. - Елбасының ғылым мен инновацияны екінші орынға қойған ел, ешқашан ешбір салада бірінші орынға көтеріле алмайтындығы туралы қағидасын басшылыққа алған бағдарламаның өң бойынан отандық білімді дамытудың өркениетті жолдарын байқаймыз».

Біздің сұхбаттасушымыз мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар саны 95 пайызға жетуі тиіс екеніне де риза болыпты. Сонымен қатар, алда орыс тілін дамытып, жастарымыз үш тілді еркін сөйлейтіндей дәрежеге жету міндеттелгені де дұрыс. Жыл өткен сайын халқымыздың тұрмыстық деңгейі көтеріліп келеді. Әрине, мұның бәрі Елбасы жүргізген саясаттың арқасында мүмкін болып отыр.

«Мемлекет басшысы 2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деген ұранмен өтіледі деуі мерей тасытады. Біз де бұл бастаманы үлкен жүрекпен, ыстық ықыласпен қабылдадық. Қазақстан мерейі - біздің бақытымыз. Демек, бақ пен бақыт ортақ, сондықтан да бір кісідей еңбек ету, жас ұрпақты адами рухта тәрбиелеу кімге де болса парыз», - деді ұлағатты ұстаз сөзінің соңында.

Соңғы жаңалықтар