Елбасы Жолдауын түсіндіру ақпараттық-насихат тобы аудандарды аралауда - Қызылорда облысы
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінде Қызылордада Елбасы Жолдауын өңір тұрғындарына түсіндіру үшін өңір басшысы Қырымбек Көшербаев бастаған ақпараттық насихаттау тобы аудандарды аралап жүр.
Жұмыс сапары Арал ауданынан басталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы жарияланған күннен бастап халықты саяси маңызды құжатпен таныстыру және халыққа оның негiзгi бағыттарын кеңiнен түсiндiру мақсатында ақпараттық насихаттау жұмысы жүргiзiлуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, АНТ бүгін Арал ауданында болды. Топ құрамында Қазақстанның Еңбек Ерi, күрiшшi Абзал Ералиев те бар. Алдымен аймақ басшысы бастаған топ «Тағзым алаңына» гүл шоқтарын қойып, тарихи өлкетану мұражайын аралады. Сондай-ақ бүгін аудан активiмен кездесу өтті.