17:07, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Елбасының Беларусьқа ресми сапары барысында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің барысында Қазақстан-Беларусь ықпалдастығының кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Стратегиялық құжаттарға, соның ішінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен БР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі арасындағы Келісімге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін бөлу жөніндегі Келісімге қол қою, талқылаудың қорытындысы болды.
Жалпы алғанда келіссөздер іскерлік қалыпта және өзаратүсіністік жағдайында өтіп, Қазақстан-Беларусь ықпалдастығының стратегиялық маңызын көрсетті.