Елбасының Франция сенаторымен болған кездесуінде Н.Саркозидің Қазақстанға сапарына дайындық мәселелері талқыланды

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Көктемде Франция Президенті Николя Саркози Қазақстанға сапармен келеді.
None
None
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесудің қорытындысы бойынша бұл туралы француз сенаторы, «Франция-Қазақстан» Достық тобының арнайы өкілі Эмери де Монтескью мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екі айтулы тұлғаның арасында өткелі отырған бұл маңызды кездесу егтей-тегжейлі дайындықты талап етеді деп санаймын», деді сенатор өз сөзінде.Эмери де Монтескью брифингте бүгінгі кездесуде басқа да халықаралық мәселелер, оның ішінде Орталықазиялық өңірдегі қауіпсіздікке қатысты мәселелер қаралғанын айтты. Француз сенаторы өз сөзінде, «Қазақстан Президенті ядролық қару-жарақтан бас тартып, түрлі конфессия өкілдерінің басын қосып отырған форумдарды ұймдастырып, бейбітшілік жолындағы күрескер екенін дәлелдеп отыр», деп атап көрсетті. Қазақстанның көпұлтты халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отыр. Біздің еліміздің осы бағыттағы тәжірибелері ауған мәселелерін шешуде қолданылуы мүмкін. «Ауған мәселесі Орталық Азия мен Иранның тікелей атсалысуынсыз шешілмейді», деп атап көрсеткен мәртебелі мейман, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Иранмен және аймақтың басқа да елдерімен осы мәселе бойынша сындарлы келіссөз жүргізе алатынын айтты. Эмери де Монтескью мырзаның сөзіне қарағанда, Қазақстан сондай-ақ Еуразияның жарқын өкілі ретінде Ресей мен Еуроодақтың арасындағы қарым-қатынаста маңызды рөл атқара алады. Еуропаны газбен жабдықтау проблемасы талқыланған Мәскеудегі кездесуде Қазақстан Республикасының беделінің маңыздылығы атап көрсетілді.Қазақстанның халықаралық сахнада үлкен салмаққа ие екенін баса айтқан француз сенаторы, біздің еліміз бен Францияның арасындағы тығыз байланыстың Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін кезеңде айтулы жетістіктерге әкелуі мүмкін екеніне тоқталып өтті.
Соңғы жаңалықтар