Елбасының Қытайға сапарында қол қойылған келісімдер Қазақстандағы индустриаландырудың жаңа кезеңіне қуатты серпін береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында қол қойылған келісімдер Қазақстандағы индустриаландырудың жаңа кезеңіне қуатты серпін береді.
None
None

Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин білдірді.

«Өздеріңіз де білетіндей, Мемлекет басшысы, ел Президенті Бейжіңге сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің қорытындысына қатысты пікір білдіріп, баға бере келе бұл жолғы сапарының қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастың тарихында бетбұрысты кезең болғандығын атап өткен еді. Бұл тосыннан емес. Өйткені, осы уақытқа дейін біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамығанымен, негізінен энергетикалық салаға ғана шоғырланған болатын. Негізінен шикізат ресурстарын сатуға негізделген еді. Ендігі уақытта біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар байыпты жаңа жобалармен толықты. Бұлар - жаңа өндірістік нысандарды дамыту, жаңа өнім түрлерін өндіру. Мәселен, Маңғыстау облысында мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт немесе Қарағанды облысында көмірді қайда өңдеу зауыты салынатын болады», - деді ол.

Е.Қариннің пікірінше, Н.Назарбаевтың Бейжіңге сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты шикізатты қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістік нысандар салудың сапалы жаңа деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде Қазақстандағы индустриаландырудың жаңа кезеңіне қуатты серпін жасары анық.

Сонымен қатар институт директоры сапар барысында екі елдің арасында 23 млрд. доллардың келісіміне қол қойылғанын атап өтіп, оның әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсерін төмендететіндігін айтты.

Соңғы жаңалықтар