Елбасының шақыруы бойынша Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша 2012 жылғы 7 маусымда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасының шақыруы бойынша  Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді

Екі елдің басшылары екіжақты ынтымақтастық пен ықпалдастық өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылайды, өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және аймақтық проблеманы қозғайды.