Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасының Жолдауы Қызылорда облысының құрылыс саласында да қолдау табады - Б.Қаракөзов

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап болған облыстық құрылыс басқармасының бастығы Батыржан Қаракөзов аймақта құрылыс жұмысының бұрынғыдан да жандана түсетінін жеткізді.

  Елбасының Жолдауы Қызылорда облысының құрылыс саласында да қолдау табады - Б.Қаракөзов

- Мемлекет басшысы қолжетімді баспана туралы өте орынды міндет жүктеп отыр, деді ол. - Біздің облыста соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. - Бүгінгі таңда 131 құрылыс ныса­нын бастадық. Жыл соңына дейін оның 104-ін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мектеп, ау­ру­хана мен балабақша және тағы да басқа әлеуметтік нысандар бар. Салынып жатқан құрылыстың са­па­сына ерекше мән беріліп, бұдан былай үш мердігер­лерге үш санат бойынша талап қойылады. Олар­дың жергілікті базасы, техни­ка саны мен маман­дары талапқа сай болуы тиіс. Биыл перзентхана, Дос­тық үйі, 7 үлкен жалдық және ипотекалық тұр­ғын үйлер са­лынады. Жалпы, құ­ры­лыс жұмыс­тарына 17 млрд. теңге қаралса, оның 8,5-і респуб­лика­лық, 8,6-сы облыстық бюджет­тен бөлінеді. Ен­дігі мақсатымыз, қарал­ған қар­жыны уақытылы игеру болмақ.