Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елде алғаш рет экономикалық білімі бар полицейлер сарапшы-тауартанушылар атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда экономикалық білімі бар полицейлер жаңа мамандық игерді, деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейских нового профиля впервые подготовили в Казахстане: чем они будут заниматься
Фото: Қостанай облысы ПД

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша Қостанай облысының Полиция департаментінде сарапшы кадрларды даярлаудың жаңа кезеңі іске асырылды.

Қазақстанда алғаш рет экономикалық білімі бар полиция қызметкерлері мамандандырылған оқытудан өтіп, тауартану және азық-түлік емес тауарларды сараптау саласындағы сарапшылардың біліктілігін алды.

Қостанай облысы бойынша сот сараптамалары Институты филиалының басшысы Евгений Сохарев пен Қостанай облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов Карина Клименко мен Марат Жүсіповке біліктілікті арттыру туралы сертификаттарды табыстады.

— Алынған білім мамандарға қылмыстық істерді тергеу кезінде қажетті тауарлық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл сараптамалық-криминалистикалық сүйемелдеудің сапасын арттырады және сараптама жүргізу мерзімдерін қысқартады, — дейді тәртіп сақшылары.

Осыған дейін Ақтөбеде егіз полицейлер қызмет ететінін, бірі жол апатын тергеп, екіншісі қоғамдық тәртіпті күзететінін жазған едік.