Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елде бір грамм алтын қанша тұрады

АСТАНА. KAZINFORM — Бағалы металдың бағасы бір апта ішінде 4500 теңгеден астамға өсті.

Елде бір грамм алтын қанша тұрады
Фото: magnific.com

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 тамыздағы мәліметіне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 66 004,73 теңге.

Бір апта бұрын бағалы металдың бір грамы 61 444,62 теңге болған. Осылайша жеті күн ішінде алтынның бағасы 4560,11 теңгеге өскен.

Айта кетейік, алтынның бағасы мұндай деңгейге маусым айынан бері алғаш рет жетіп отыр. Соңғы рет бір грамм алтынның құны 66 877,40 теңгеге 19 маусымда жеткен. Осыдан кейін оның бағасы төмендеген еді.

Жалпы Қазақстанда 2026 жылы алтын бағасының шарықтау шегі жыл басында байқалды. 30 қаңтарда бір грамм алтынның құны 89 002,60 теңгеге дейін жеткен. Ал 4 наурызда алтын бағасының тағы бір айтарлықтай шарықтап, бір грамы 84 355,16 теңге болды.

Сондай-ақ 12 тамызда әлемдік нарықта алтын бағасы екі айдан астам уақыттағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Спот бағасы 0,9%-ға өсіп, троя унциясы үшін 4406,64 долларға жетті. Сауда-саттық барысында өсім 1%-дан асты.

13 тамызда алтын бағасы екі айдағы максимумға жақын деңгейде сақталды — бір троя унциясы шамамен 4408 доллар болды.