Елдегі 12 букмекерлік кеңсе 10 айда 400 млрд теңге таза табыс көрген

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында елдегі букмекерлік кеңселердің табысын атады. 

Елдегі 12 букмекерлік кеңсе 10 айда 400 млрд теңге таза табыс көрген
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

— Біз ел аумағында жұмыс істейтін 12 букмекерлік кеңсенің ақпарат жүйесіне қосылғанбыз. Сол жерден көріп отырмыз. Менің есімде 10 айдың көрсеткіші қалыпты. Осы кезеңде 1 трлн 200 млрд теңге бәске қойылған. Соның 800 млрд теңгесі бәс тігушілерге ұтыс ретінде қайтарылған. Шамалап қарасаңыз, 400 млрд теңгедей таза табыс алған букмекерлер. Ал ол табыстың қайда кетіп жатқаны біздің сұрақ емес, — деді Мәди Такиев.

Бұған дейін Өзбекстанда букмекерлік кеңселердің қызметін насихаттаған 70-ге жуық сайт бұғатталғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар