Елдегі күзет ұйымдарының қолында 22 мыңнан астам қару бар

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілісте күзет қызметін жетілдіруге арналған заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

күзет
Фото: Kazinform

Құжатты таныстырған депутат Жарқынбек Амантайұлы елдегі күзет ұйымдарының қолындағы қару-жарақтың айналымы қалай қадағаланып отырғанын айтты. 

— Қолымыздағы мәлімет бойынша, елімізде 4300-дей күзет ұйымы бар. Оның 1600-дейінің қару сатып алуға, қолдануға лицензиясы бар. Олардың қолында 22 мыңнан астам қару бар дейтін есеп бар. Қазіргі таңда 1186 күзет ұйымы жұмысын тоқтатып тұрған болса, олардың қолында 930-дай қару бар. Осы 1186 ұйымның ішінде 140-қа жуығында ғана қару сатып алуға, қолдануға рұқсаты бар, — деді ол.

Оның сөзінше, қолданыстағы заң ол ұйымдарды қолдағы қаруын қайтаруға міндеттемейді.

— Мына заң қабылданса, оларды бақылауға алу, қаруын Ішкі істер министрлігінің өкілдіктеріне өткізу жолға қойылады, — деді депутат.

Бұған дейін Қазақстан халқының неше пайызы үйінде қару ұстайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар