Елдегі эпидахуал шектеу шараларын қажет етпейді – Ажар Ғиният

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдай жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал қандай да бір шектеу шараларын енгізуді қажет етпейді. Біз мұны көмекке жүгінетін науқастарға қарап, олардың жай-күйіне қарап бағамдаймыз. Қазір ел бойынша инфекциялық стационарларда, әсіресе коронавирус инфекциясы бойынша 300 адам емделіп жатыр. Кей өңірлерде шаралар күшейді, әр аумақтағы бас санитарлық дәрігер өз жағдайына қарай шешім қабылдауға құқылы», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, қазір жіті респираторлық вирус инфекцияларының, тұмаудың маусымдық өршу кезеңі.

«Біз ұсыным береміз және жабық ұйымдарда мамандар процестің таралуын тоқтатып, науқаспен байланыста болғандарды қадағалауға тырысып жатыр», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар