Елдегі оқу орындарының шетелдік және халықаралық ұйымдармен байланысын жетілдірудің арқасында кәсіптік техникалық білім беруге бөлінген қаржы 5 есеге артты

қпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы еліміздегі 24 оқу орны Ұлыбританияның әлемге әйгілі колледждерімен арнайы келісімге қол қойды.
None
None

Олардың арасында Кэмбридж аймақтық колледжі мен Брэдфорд колледжі сияқты іргелі оқу орындары бар. Осы келісімдер негізінде елімізде мұнай-газ, ақпараттық технологиялар, көлік, электр энергетикасы, құрылыс, туризм сияқты салалар бойынша қос дипломдары бар мамандарды даярлауға бағытталған бірлескен бағдарламалар жүзеге асырыла бастауда. Бұл туралы бүгін елдегі кәсіптік техникалық білім беруге байланысты Астанадағы Политехникалық колледжде өткен көшпелі жиында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, еліміздегі оқу орындарының осы тектес әріптестік қатынастарды орнату шаралары мен халықаралық деңгейдегі ұйымдармен бірлескен қимылдарының нәтижесінде кәсіптік техникалық білім беру ісіне тартылған қаржы көлемі 5 есеге артқан. 2006 жылы аталған бағытқа тартылған сома 1,8 миллион АҚШ долларын құраса, 2009 жылы оның көлемі 10 миллион долларға дейін артқан. «Ал кәсіптік техникалық білім беруді бюджеттен қаржыландыру мәселесіне келсек, өткен жылғы көрсеткіш 2006 жылғыдан 39,5 пайызға артып, 33,9 миллиард теңгені құрады. Бір адамның білім алуына бөлінетін қаржы көлемі 53 мың теңгеге көбейді», деді Ж.Түймебаев.

Соңғы жаңалықтар