Елдің көпвекторлы саясаты – стратегиялық жетістік – британдық сарапшы

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланыстарын дамытуда Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен ірі саяси мемлекеттермен теңгерімді қарым-қатынасы шешуші рөл атқарады. Бұл туралы ұлыбританиялық Chatham House халықаралық қатынастар институтының сарапшысы Тимоти Эш айтты.

ы
Фото: ft.com

Сарапшының пікірінше, қазіргідей геосаяси текетірес күшейген заманда Қазақстанның ашық саясаты мен экономикалық күш-қуаты шетелдік серіктестер үшін басты артықшылық болып отырғанын атап өтті.

– Қазіргі күрделі әрі көпполярлы әлемде Қазақстан көптеген мемлекеттер үшін әртараптандыру алаңы болып отыр. Елдің энергетика және шикізат экспорттаушы ретіндегі әлеуеті жоғары. Сонымен қатар Қазақстан АҚШ, Қытай және Ресеймен бірдей жақсы қарым-қатынас орната алған санаулы елдердің бірі. Бұл – үлкен жетістік. Сондай-ақ бүгінде Еуропа экономикалық және қауіпсіздік мәселелерінде тәуелділіктен арылуға ұмтылып жатқан тұста, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы негізгі сауда дәлізі ретінде маңызды рөл атқара бастады, – деді Тимоти Эш.

Айта кетейік, Эстонияда Қазақстанның ядролық қарусыздану саясаты таныстырылды.