Электр энергиясын шектен тыс шығындаған пәтер есірткі зертханасы болып шықты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар прокурорлары есептегіш арқылы есірткі зертханасын тапты. 

Электр энергиясын шектен тыс көп қолданған пәтер есірткі зертханасы болып шықты
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Павлодар қаласының прокуратура қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлердегі электр энергиясын тұтынуды талдаған. Бір пәтер аномальды жоғары көрсеткіштер көрсетіп, мамандар тарапынан күмән туындады. 

Алғашқы тексерістің нәтижесі көрсеткендей, терезелер тығыз жабылып, тұрғындар оқшауланған өмір салтын жүргізіп жатқаны анықталды. Барлық белгілер заңсыз әрекеттерді меңзеген. 

— Полицияға тінту жүргізу тапсырылды. Нәтижесінде күдік расталды: пәтерде есірткі зертханасы ұйымдастырылған. 3 кг-нан астам өсімдік текті есірткі, гидропондық жабдықтар, тыңайтқыштар, орауыштар алынды, — делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды. Тергеу жалғасады. Бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар басқа тұлғалар анықталып жатыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, Ерейментау тұрғыны жасырын марихуана өсіретін зертхана ұстағаны үшін 3 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар