Электр сымының айқасып тұйықталуы салдарынан екі жасар қыз бала иіс тиіп уланудан көз жұмды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында жұма күні кешке жекеменшік тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануынан асүйдегі жиһаз өртене бастады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
None
None

Өртпен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы қатысты. Оқиға орнынан термиялық күйіктер шалған 39 жастағы ер адам мен 12 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Сол күні Алматы облысының Есік қаласында электр сымының айқасып тұйықталуы салдарынан иіс тиіп уланған екі жасар қыз бала оқиға орнында мерт болды.

Соңғы жаңалықтар