«KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді – Энергетика министрлігі
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясымен байланысты қалыптасқан жағдайды түсіндірді.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі.
-Сонымен қатар, жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат тарап жатыр. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді,-делінген хабарламада.
Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында.
Айта кетейік, осыған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанның кей өңірлеріндегі электрдің ажыратылуына түсініктеме берген болатын.