Энергетика министрлігі Қазақстанның кей өңірлеріндегі электрдің ажыратылуына түсініктеме берді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Энергетика министрлігі кей өңірлердегі электрмен жабдықтау жағдайына қатысты түсініктеме берді.
— 2026 жылғы 14 тамызда энергетикалық жүйеде қуаттың күрт артуы орын алып, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болды. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлеріндегі тұтынушылар ажыратылды, — делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта жүйелік оператор «KEGOC» АҚ қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кей өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келді.
Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы толық ақпарат қосымша хабарланады.
Айта кетейік, Алматы мен Алматы облысының басым бөлігінде сондай-ақ Қызылордада бірнеше шағын ауданда жарық өшті.