Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде Соболенкоға жақындай түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Рим (Италия) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында күтпеген нәтижелер тіркелді.
Әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко 1/16 финалда рейтингіде 27-орындағы румыниялық, 36 жастағы Сорана Кырстядан жеңіліп қалды – 6:2, 3:6, 5:7.
Осылайша, өткен жылы ширек финалға дейін жеткен Соболенко 150 рейтингілік ұпайынан айырылды.
Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде А.Соболенконың еншісінде 9 960 ұпай бар.
Екінші орындағы Е.Рыбакина 8 555 ұпаймен жақындай түсті. Қазақстандық теннисші алдағы ойындарын сәтті өткізсе, көрсеткішін одан сайын жақсарта алады.
Елена Рыбакина жексенбі күні әлемнің 42-ракеткасы, филиппиндік Александра Эаламен ойнайды.
Одан өтсе, әлемнің 46-ракеткасы, германиялық Лаура Зигемунд немесе рейтингіде 130-сатыдағы чехиялық Каролина Плишкованың қай жеңгенімен кездеседі.
Өткен жылы Е.Рыбакина үшінші айналымнан аса алмаған еді.
Тағы бір күтпеген нәтиже әлемнің 8-ракеткасы, өткен жылғы чемпион, италиялық Жасмин Паолини мен рейтингіде 22-орындағы бельгиялық Элисе Мертенстің арасында тіркелді. Бұл тартысты бәсекеде бельгиялық спортшы 4:6, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Сөйтіп өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмаған Ж.Паолини үздік ондықтан шығып қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рим мастерс турнирінде Александр Бубликтің қарсыласын бет қаратпай ұтқанын жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына өтті.