Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Рим (Италия) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына өтті
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 47-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен бетпе-бет келді.

Қарсыластар осыған дейін өзара алты рет кездесіп, соның бесеуінде Рыбакинаның мерейі үстем болған еді.

Бұл жолы Елена бірінші партияны брейкпен бастағанымен, Мария таразы басын теңестірді — 3:3. Дегенмен қазақстандық спортшы тағы бір брейк жасап, өз пайдасына шеше алды — 6:4.

Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға кеткенімен, Саккари қайыра брейк жасады.

Дегенмен Елена матчты жеңіспен түйіндеді — 6:1.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 5 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. М.Саккари 2 брейкпен ерекшеленді. 

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 42-ракеткасы, филиппиндік 42-орындағы Александра Эаламен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 33-орындағы қытайлық Синьюй Ванды жолдан тайдырды — 6:4, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Германиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Рим мастерс турнирінде Александр Бублик қарсыласын бет қаратпай ұтты.