Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. 

Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды
Фото: ҚТФ

Аталған жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 33-орында тұрған Ван Синьюйға тап келді.

Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездесіп, онда қазақстандық теннисші жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 4:2 есебімен алға шықты. Сосын тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Екінші сетте қытайлық теннисші 4:2 есебімен алға кеткенімен, қазақстандық спортшы қатарынан төрт гейм алды – 6:4. Бір сағат 21 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ван Синьюй 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады. 

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 26-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэнь немесе рейтингіде 77-сатыдағы америкалық Алисия Паркстің біреуімен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қатарда 8-14 ақпан аралығында Доха WTA 1000 турниріне қатысатынын жазған едік. 

Сондай-ақ Анна Данилина әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға қайта кірді.

Денис Евсеев Үндістандағы турнирде сенсация жасады.

Соңғы жаңалықтар