Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші айналымына өткені үшін қанша пайда тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орында) Испанияның Мадрид қаласында өткен 1 000 долларлық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде жеңіске жеткені үшін қанша табыс тапты
Фото: Sports.kz

Рыбакина екінші айналымда румыниялық Елена-Габриэла Руседен (71-орын) 4-6, 6-3, 7-5 есебімен басым түсті. Үшінші айналымға өткені үшін отандасымыз 54 110 еуро табыс тапты. Оған сонымен қатар 65 рейтингілік ұпай кепілдік берілген. 

Биылғы Madrid Open жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 1 007 165 еуро мен 1 000 рейтингілік ұпайға ие болады.

Турнирдің басты фавориті – Беларусь теннисшісі Арина Соболенко.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның Мадрид турнирін камбэкпен бастағанын жазған едік.