Елена Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 71-орында тұрған румыниялық Елена-Габриэла Русемен шеберлік байқасты. 
Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Русе 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен осыдан кейін Елена камбэк жасай алды — 6:3, 7:5.

Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Русе 2 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 68-сатыдағы америкалық София Кенинді қапы қалдырды — 1:6, 6:3, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Мысырдағы жарыстың ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдағы жарыстың финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар