20:38, 08 Қазан 2025 | GMT +5
Елена Рыбакина Ухандағы турнирде жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Елена Рыбакина Ухандағы WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше, Wuhan Open турнирінің екінші айналымында Қазақстан теннисшісі румыниялық Жаклин Кристианды 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмағанын жазған едік.
Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында АҚШ құрамасымен өтетін матч алдында өз ой-пікірімен бөлісті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина италиялық бапкер Давиде Сангвинеттимен жұмысын тоқтатты.