Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде көшбасшылық орнын сақтап қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған WTA чемпиондық кестесінде бұрынғыша көш басында келеді.
Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалында жарақаттан кейін матчты жалғастыра алмаған қазақстандық теннисшінің есебінде 5 492 ұпай бар.
Беларусь өкілі Арина Соболенко (5 185 ұпай) екінші, ресейлік Мирра Андреева (5 184 ұпай) үшінші орында.
Америкалық теннисшілер Джессика Пегула (5 045) и Кори Гауфф (4 874) сәйкесінше төртінші және бесінші сатыда тұр.
Биылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік сегіздікке енген теннисшілер WTA қорытынды турниріне жолдама алады.
Ал WTA жаңартылған рейтингісінде А.Соболенко 8 575 ұпаймен көш бастап келеді.
Е.Рыбакина 8 141 ұпаймен екінші орында қалса, Д.Пегула (7 265) үздік үштікте.
Цинциннати турнирінің финалында Д.Пегуланы 6:2, 6:4 есебімен жеңген К.Гауфф (6 704) төртінші сатыда.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 81-ден 80-ге ауысты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатында миксте өнер көрсетпейтін болғанын жазған едік.
Сондай-ақ Денис Евсеев Германиядағы жарыста алғашқы жеңісіне қол жеткізді.