Елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 мың бала бар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің аясы кеңейтілді. Яғни инклюзивті білім тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана қатысты емес. Толығырақ Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Инклюзивті білім – жалпы білім беру сапасын жақсартудың заманауи құралы. «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санаты кеңейтілді. Енді олардың қатарына аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан және мигрант отбасылар мен қандастардың балалары жатады. Соның ішінде денсаулық жағдайы бойынша оқу барысында қиындықтарға тап болған балаларда бар», - деді Әйгерім Күдеринова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Орталық басшысының айтуынша, жалпы санатқа жататын балалардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау өте маңызды.

«Бүгінде елімізде 0-18 жас аралығында мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар. Оның ішінде: 0 жастан 3 жасқа дейінгі ерте жастағы – 7719 бала, 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалар – 47726 бала, 6-16 жастан бастап мектеп жасындағы балалар – 117709 бала, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер – 14990 құрайды»,- дейді ол.

Сондай-ақ, спикер инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру бағытында кешенді шаралар қабылданғанын айтып өтті.


Соңғы жаңалықтар