Елімізде соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуге 2,8 млрд. теңге бөлінді

АСТАНА. 7 мамыр ҚазАқпарат - Бүгін Жеңіс күнінің қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері, шығыс Пруссия мен Берлинді азат етуге қатысқан Хасен Қариев ақсақалды
None
None

құттықтады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жаяу әскер полкінің қатарында Эльба өзеніне дейін жеткен ардагер «Ұлы Отан соғысының 2 дәрежесі» орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы Степногорск қаласында ішкі істер бөлімінде тергеуші, Тау-кен химиялық комбинатында аға инспектор болып қызмет атқарған.

Жалпы бүгінде Қазақстанда 9612 соғыс ардагері, оның ішінде 2881 Ұлы Отан соғысының мүгедегі бар. Сонымен қатар елімізде 25 мыңға жуық соғыс қатысушысына теңестірілген азамат, 18,9 мың соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер, 31 мыңнан астам Ұлы Отан соғысында қаза тапқан азаматтардың жұбайылары, 218 мың тыл еңбеккерлері тұрып жатыр.

9 мамыр күні еліміздің барлық аймақтарында Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, ардагерлерді ресми қабылдауы мен концерттер, салтанатты ұлықтауы, естелік сыйлықтарын табыс ету рәсімдері, қайырымдылық көрсету және соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету бойынша басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Биыл жергілікті атқарушы органдары бюджеттік қаржы және басқа да бюджеттік емес қаржы көздері есебінен осы мақсаттарға  2,8 млрд. теңге қарастырып отыр. Мұның ішінде 74 мың ардагерлерге бір реттік материалдық көмек көрсету үшін 540,5 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, тұрмыс жағдайын жақсартуға мұқтаж 29 ардагерге пәтер беріліп, 291 ардагердің тұрғын үйі жөндеуден өтеді және 19 ардагердің үйіне телефон орнатылады. Барлық өңірлерде 22 мың ардагер үшін қалалық, қала маңы, халықаралық көлікте қатынас үшін жеңілдіктер қарастырылған.

3 мыңнан астам ардагерлерге биыл шипажай-курорттық емделу үшін  205,3 млн. теңге қарастырылып, 4 мыңға жуық ардагерге тісті протездеу бойынша қызмет көрсетіліп,  14 мың ардагерге жеңілдікпен дәрі-дәрмек беріледі.  44 мың ардагерге биыл коммуналдық төлемдерді төлеуде және жанар-жағармаймен қамсыздандыруда жеңілдіктер көрсетілмек.

Соңғы жаңалықтар