Еліміздегі сән индустриясы көңіл көншітерлік деңгейде емес- Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті

АЛМАТЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның сән индустриясы әлі жүйелі даму жолына түсе алмауда.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Сән индустриясын дамыту" деп аталатын семинар кезінде айтылды.

"Еліміздегі сән индустриясы көңіл көншітерлік деңгейде емес. Егер біз оны дамытудың стратегиясы мен тұжырымдамасын құрсақ лайықты орнымызды табуға мүмкіндігіміз бар»,- дейді ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова. Оның айтуынша, мұндай семинар бұған дейін ақпан айында Бішкекте, ал қыркүйек айында Ташкент қаласында өткен. Ол Орталық Азия мен Еуропаның сән саласындағы ынтымақтастығы мен серіктестігін нығайтуға бағытталған "Еуразия - сән" жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. 2012 жылдың ортасына дейін созылатын бұл жобаға 6 ел Орталық Азиядан - Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасы, Қырғызстанның тоқыма өнеркәсібі одағы мен ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы, Еуропадан - Халықаралық киім федерациясы, Грекияның тігін өнеркәсібі қауымдастығы және Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы қатысуда.

"Жоба 3 құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі, серіктестік қарым-қатынас орнату. Екіншісі, әлеуетті өсіру. Оған қатысушыларды іріктеу, шағын бизнес өкілдерін оқыту еніп отыр. Үшіншісі, ақпарат алмасу, мониторинг және алдағы қызметті жоспарлау. Сондай-ақ шетелдік тәжірибені зерттеу үшін Голландия, Болгария мен Грекияға іссапарлар жасалып ол семинар кезінде өзге қатысушылармен бөлісілмек" , - деді Любовь Худова.

Соңғы жаңалықтар