Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуын қолдау үшін Екіжылдық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылдың 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана қаласында өтіп жатқан Денсаулық сақтау министрлерінің Үшінші Ислам конференциясы барысында Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуын қолдау үшін Екіжылдық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуын қолдау үшін Екіжылдық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды

Ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары: Денсаулық-2020 - денсаулық сақтау саласының жаңа еуропалық саясаты, денсаулық сақтау саласын нығайту, салауатты өмір салтына екпін жасап жұқпалы емес аурулардың, сондай-ақ жұқпалы аурулардың алдын-алуын күшейту, қоғамдық денсаулықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ақпараттармен, статистикалық деректермен алмасу, ғылыми зерттеулер жасау және денсаулық сақтау саласына инновациялар ендіру.