Еліміздің халық қалаулылары Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысуда
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Еліміздің халық қалаулылары Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысуда. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«25-29 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жазғы жалпы сессиясына қатысуда. Аталған шара Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Турбьорн Ягланд арасында қол жеткізілген ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісім аясында ұйымдастырылуда», - деді ол.