Еліміздің шығысы мен оңтүстігіндегі өзендерде судың күрт молаюы күтілуде

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Таяудағы тәуліктерде Сырдария, Шу өзендерінде, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және республикамыздың батысындағы өзендерде сең бұзылып, су деңгейінің молаюы күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ сайты.
None
None

Шығыс Қазақстан облысының шағын өзендерінде күннің жылынуы салдарынан қар еріп, су деңгейі көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жаңбырға байланысты су көлемінің ұлғаюы күтілуде.

Ал Қайраққұм су қоймасындағы судың кемуінен Шардарадан Сырдарияға босатылатын судың біршама азайғаны байқалады.

Соңғы жаңалықтар