Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізге Бразилияның іскер топ өкілдерінің делегациясы сапармен келеді

АСТАНА.  Қыркүйектің 28-і. Ақпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазанның 2-сінде  Қазақстанға Бразилияның Даму, өнеркәсіп және халықаралық сауда министрінің орынбасары Иван Жоао Гимараес Рамальо бастаған осы елдің бизнес делегациясы келеді,

Елімізге Бразилияның іскер топ өкілдерінің делегациясы сапармен келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, делегация құрамына Бразилияның авиация, тау-кен өндірісі, энергетика, металлургия, телекоммуникация, медицина, химия, жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ аграрлық сектор салаларында жұмыс істейтін 40-тан астам бразилиялық кәсіпкерлер кіріп отыр.

 «Бразилиялық делегацияның сапары барысында біздің еліміздің мемлекеттік органдарының және іскер топтарының өкілдерінің қатысуымен бірлескен бизнес-форум өтеді. Онда мақсаты қазақстандық және бразилиялық бизнесмендер арасында тікелей байланыстар орнату болып табылатын секциялық дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр», деді І. Омаров.