Елімізде қанша адам табиғи газ тұтынып отыр

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгінде елде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жеткізу жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары.

Астанада тағы бір елді мекенге табиғи газ келді 
Фото: Астана қаласының әкімдігі

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.

Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Осыған дейін еліміздің табиғи газ әлеуетін арттыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар