Елімізде көші-қон ағынын талдау орталығы құрылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде көші-қон ағынын талдау орталығы құрылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті. 

Көші-қон
Фото: СҚО Полиция департаменті

— Көші-қон саласында атқарылып жатқан шараларға келсем, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының базасында көші-қон ағыны мәселелері жөніндегі талдау орталығы құрылып жатыр, — деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Одан бөлек, министрдің мәлімдеуінше, бүгінде Migration.Enbek.kz көші-қон процесі туралы портал жұмыс істеп тұр.

— Портал шетелдік жұмыс күшінің қозғалысын, қандастарды тіркеу, есепке алуды қоса алғанда, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де еңбек ресурсты қозғалысына байланысты бизнес процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар шетел азаматтарының кәсіптік тәжірибесін қазақстандық жұмысшыларға үйретуді көздейтін тәлімгерлік жүйе енгізілді, — дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін шетелде заңсыз еңбек еткен қазақстандықтарға санкциялық шара қолданылатыны туралы жазған едік

Сондай-ақ Еңбек министрлігі жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкен азаматтарға 4,5 млн теңгенің тұрғын үй сертификаты берілетінін хабарлаған еді

Соңғы жаңалықтар