Елімізде логопед, сурдолог, реабилитолог мамандар тапшы – Үкімет басшысы

АСТАНА. KAZINFORM –Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ерекше мұқтаждығы бар балалар өзіне тиесілі орта білімді дұрыс ала алмай отырғанын сынады.

Реабилитация в Больнице МЦ УДП РК
Фото: ПІБ МО ауруханасы

- Кейбір өңірлерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселесінде сұрақтар аз емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ басқа да өңірлерде «ерекше» балалардың барлығы бірдей біліммен және инклюзивті жағдайлармен қамтылып отырған жоқ, - деді ол.

Премьер-министр арнайы комиссиялар ондай балаларды тексеріп үлгермей жатқанын да айтып өтті.

- Психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия мұқтаж балаларды түгел кешенді тексеруден өткізіп үлгере алмай жатыр. Ұзын кезек бірнеше айға дейін созылып кетіп отыр. Арнайы мамандар, яғни логопедтер, сурдологтер, реабилитологтер жетіспейді, - деді Олжас Бектенов. 

Сондай-ақ, ол Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды.