Еліміздегі мектеп кітапханаларында неше кітап бар

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі мектеп кітапханаларында неше кітап бар екенін мәлімдеді.

кітапхана
Фото: Kazinform

 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асып жатқаны белгілі. Жоба аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

- Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты, - делінген министрліктің дерегінде.

Айта кетейік, елордада Момышұлының кітаптары, хаттары мен карталары қойылған көрме ашылды.

Соңғы жаңалықтар